Қоғам

Костенко шахтасындағы жарылыстың себебі анықталды

Ашық дереккөз

Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткен.

Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский брифинг барысында айтты, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс толқыны 2 шақырым жерге жетті. Шахтада тексеру жұмыстары 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Бұл ретте тиісті бақылау болмаған, - деді Геннадий Силинский.