Жаңалықтар

Қаза тапқан кеншілердің отбасына ай сайын 400-500 мың теңге жәрдемақы төленеді

Бұл міндет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктелді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жедел штаб отырысында «Костенко» атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасына ай сайын 400-500 мың теңге жәрдемақы төленіп отыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Министрдің түсіндіруінше, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты тағайындалған жәрдемақы республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді.

С. Жақыпова жәрдемақы көлемінің орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңге болатынын баяндады.

Министрдің айтуынша, әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктелді.