Жаңалықтар

Кеншілердің өліміне кінәлілерді халықаралық сот арқылы қылмыстық жауапқа тарту керек – депутат

Депутаттың айтуынша, кен орнында қаза тапқандардың көбі  –  іссапармен өзге өңір, аудандардан жұмысқа шақырылған адамдар.

Қарағанды облысы Костенко кен орнында болған оқиға орнында жүрген Мәжіліс депутаты Арман Қалықов адамдарды өлімнен арашалаудың жалғыз жолы кен орнының қожайынын ауыстырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту екенін айтады. Оның айтуынша, кен орнында қаза тапқандардың көбі  –  іссапармен өзге өңір, аудандардан жұмысқа шақырылған адамдар.

«AMANAT»  фракциясының мүшесі, депутат Қалықов Мемлекет басшысының Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырмасын жылдам орындау керек деп санайды.