Спорт

"Германияда емделеді": Бас бапкер құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің алдағы ойындарға қатыспайтынын мәлімдеді

Медициналық тексеруден кейін Асхаттың оң аяқ табанының бесінші сүйегінде жарықшақ пайда болғанын анықтады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы капитаны Асхат Тағыберген Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі Сан-Марино мен Словения құрамаларына қарсы ойынына қатыса алмайды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Әдиев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өз алаңында Қарағандының "Шахтер" клубын жеңген "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған болатын. Сол кездесуде Асхат жарақат алып, 71-минутта ауыстырылды. Медициналық тексеруден кейін оның оң аяқ табанының бесінші сүйегінде жарықшақ пайда болғанын анықтады.