Төтенше жағдайлар министрі Костенко шахтасына барды
"Жедел желі" телефондары ашылды.
Қарағанды қаласы «АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы аварияны жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, аварияны жою жоспары, қосымша тау-кен құтқарушылар күші енгізіліп жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылды.