Жаңалықтар

Президент «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

ашық дереккөз

«АрселорМитталТеміртау» 1996 жылы 26 маусымнан бері жұмыс істеп келген.

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Ақорда Президенттің Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны туралы мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырғаны айтылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Сонымен қатар, «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берілді.

«АрселорМитталТеміртау» 1996 жылы 26 маусымнан бері жұмыс істеп келген.