Жаңалықтар

Президент кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды  облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.