Жаһан

Бөлек шығудан бас тартқан: 75 жастағы италиялық әже 40 жастағы екі ұлын сотта жеңіп шықты

ашық дереккөз

Италиядағы Солтүстік Павия қаласының тұрғыны өзінің ересек ұлдарын отбасылық үйдегі қонақжайлылықты теріс пайдаланғаны үшін айыптаған.

75 жастағы италиялық әже бөлек шығудан бас тартқан 40 және 42 жастағы екі ұлын сотқа беріп, сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

Италиядағы Солтүстік Павия қаласының тұрғыны өзінің ересек ұлдарын отбасылық үйдегі қонақжайлылықты теріс пайдаланғаны үшін айыптаған.

Балалары дайын тамақты ішіп, таза үйде қамсыз жатқанына шамданған анасы олардан бірнеше рет көшіп кетіп, өз күнін өзі көруді сұраған.