Жаңалықтар

12 сағат банк қоймасында: Нью-Йоркте банк қызметкерлері абайсызда клиентті қамап кеткен

сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

Қабырғалар бір метр ғана болғанына қарамастан, ол полицияға әрең хабарласқан.

Нью-Йоркте банк қызметкерлері абайсызда клиентті қамап кеткен. Ол 12 сағат бойы жерасты банк қоймасында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Қабырғалар бір метр ғана болғанына қарамастан, ол полицияға әрең хабарласқан.

Бірақ, бәрібір олар көмектесе алмады. Себебі қойманың есіктері арнайы орнатылған таймер арқылы белгілі бір уақытта ғана ашылады, ал қабырғаларды тесу нәтиже бермеген. Солайша, клиент таңға дейін қоймада қалған.

Құтқарушалыр таңғы сағат 6:15 шамасында автоматты түрде есік ашылған соң клиентті алып шықты.