Экономика

Қазақстанға әкелінетін 30 мың электромобильге баж салығы салынбайды

Баж салығынан босату мерзімі 2 жылға ұзартылды.

Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанға әкелінетін электрмобильдерге баж салығын салмау мерзімі 2 жылға ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Маңызды мәселе Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында қаралған екен.