Жаңалықтар

Ақбөкенді атуға рұқсат берілді

ашық дереккөз

Түз тағысын аулауға салынған тыйымның күші жойылды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау ережелеріне өзгеріс енгізіп, 1 қазан мен 15 қараша аралығында ақбөкендерді атуға рұқсат берді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Аң аулау қағидаларына қатысты дайындалған 11-қосымшаға түсіндірме жазбада киікті сақтау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың саны 1,9 миллионға жеткені көрсетілген. Негізі бұл көрсеткіш 770 мың болса, жеткілікті екен. Белгіленген нормадан асып кетуіне байланысты ақбөкендердің санын азайту көзделіп отыр.

1999 жылдан бастап киік санының күрт азаюына байланысты Қазақстанда ғылыми мақсатты қоспағанда, оны 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынды. Ақбөкендердің саны 2 млн-ға жуықтағанына байланысты жоғарыдағы тыйымның күші жойылды.