Спорт

Пара Азиада – 2023: Диас Кенжебек жүзуден рекорд жаңартып, алтын медаль алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

«Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!»- деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.