Жаңалықтар

Аягөздегі 4 баланың қазасы: Еңбек министрі оқиғаның мән-жайын айтты

egovpress

Оның айтуынша, қазір комиссия жұмыс істеп жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Аягөздегі өрттен қаза тапқан балалардың ата-аналарына  көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді. Анасы азық-түлік алуға шыққан. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі, балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұрын Астанада, Жамбыл облысында осындай оқиғаға бәріміз куә болсақ, бүгінде Аягөзде болып отыр. Сондықтан комиссия енді өз шешімін қабылдайды. Біз өз тарапымыздан тек психологиялық қолдау көрсетеміз, - деді Еңбек министрі «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» халықаралық конференциясы алдында.

Еске салсақ, 25 қазанда Аягөз қаласында өртенген үйден 4 баланың денесі табылғаны жайлы жазған болатынбыз. Оның екеуі - егіз. Бүгін Бас прокуратура балалардың өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлім етті.