Димаш Құдайбергеннің қарындасы ұлттық мейрамхана ашады
Мейрамхананың қашан ашылатыны алдын ала айтылады.
Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында мәлімдеді деп хабарлады Turkystan.kz.
«Елге келгелі түрлі кездесулерге қатысып, игі жақсылармен кездесіп жатырмын. Астанаға келген кезде астанамыздың символы «Бәйтерек» монументіне соқпай кету мүмкін емес. Монументтің жанында «Daididau» ұлттық рестораны ашылғалы жатыр» деп жазды Д. Құдайберген.
Әнші мейрамхананы қарындасы Раушан басқаратынын тілге тиек етіп, ұжымға сәттілік тіледі.
«Астанаға келген әр туристің сүйікті орынына айналады деп сенемін. Бұйырса, ресми ашылу уақыты «Daididau» ресторанының парақшасында алдын-ала айтылады», – деп нақтылады Д. Құдайберген.