Жаңалықтар

Тұман, жел: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

"Қазгидромет" синоптиктері 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, шығыста қалың қар, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болып, жаңбыр жауады.

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.