Қоғам

Өскеменде 11 жастағы бала кенеттен қайтыс болды

Фото: azh.kz

Денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады.

Өскеменде 11 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Расталмаған ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған бала тамаққа қақалып қалған, деп жазды aikyn.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға жайлы 23 қазанда белгілі болды. Әлеуметтік желілерде 11 жастағы бала, тамаққа қақалып қайтыс болғаны туралы айтылған хабарлама тарады.

«Кеше күндізгі сағат екіде бір бала жүзімге қақалып қайтыс болды. Ертең жерлеу рәсімі өтеді. Бала небәрі 11 жаста», - делінген жазбада.

Кенеттен баласы қайтыс болған отбасыға көмек көрсету үшін еріктілер қайырымдылық акциясын ашқан.

Денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады.

«Облыс орталығында 11 жасар бала қайтыс болғаны рас Алайда, өлімнің себебі әлі белгісіз, мұны сот-медициналық сараптама көрсетеді», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.