Жаңалықтар

Атырауда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиында аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік Рәміздеріміздің құндылығын атап өтті.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.