Пара Азиада – 2023: Ерлан Өтепов қоржынға күміс медаль салды

25 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Финалда моңғолиялық балуанға есе жіберді.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Пара Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Ерлан Өтепов күміс жүлдені еншіледі.

90+ келі салмақта белдескен отандасымыз финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді. Сөйтіп, ол Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Тэгтер:

Пара Азиада – 2023 Ерлан Өтепов күміс медаль