Елордалық жастар Республика күніне арналған челленджді бастады (ВИДЕО)
Елордалық жастар қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, патриоттық ән шырқады.
Астанада еріктілер, спортшылар, белсенді жастар мен оқушылар челленджге қосылып, Республика күніне орай патриоттық ән шырқады, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елордалық жастар қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, патриоттық ән шырқады. Музыкалық челленджге балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, шығармашылық балалар ұжымдары, колледждер мен ЖОО студенттері, спортшылар, еріктілер қосылды.
Республика күніне орай елордада 200-ден астам түрлі іс-шара, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.
Көмекке мұқтаж азаматтарға дәстүр бойынша мыңнан астам азық-түлік себеті таратылады.