Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
Ақорда
Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Тэгтер:

Тоқаев Ту көтеру Рәсім