Махмұт Сабырханның туған інісі ирандық қарсыласын нокаутқа түсірді

25 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
ҚБФ
Төрехан үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады.

63,5 келіде жұдырықтасқан Төрехан алғашқы айналымда ирнадық Сейедалиакбар Мирахмадибабахейдаримен бокстасып, үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, Төрехан – бокстан әлем чемпионы Махмұт Сабырханның туған інісі.

 

Тэгтер:

Махмұт Сабырхан Төрехан Сабырхан Махмұт Сабырханның туған інісі