Жаңалықтар

Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Ашық дереккөз

Синоптиктер 25 қазанда елдің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауатынын, жел тұрып, тұман түсетінін болжады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында желдін бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, түнде облыстың орталығында үсік 3 градус күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 

Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.