Жетісу облысында жоғалған 2 жасөспірім шаруа қожалығынан табылды
2009-2010 жылы туған, Ащыбұлақ саяжай қоғамында тұратын жасөспірімдер 22 қазанда кешке үйден шығып, қайтып оралмаған.
Жетісу облысында 2 жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 24 қазанда сағат 08:00-де ТЖД құтқарушыларына Талдықорған қаласының Алмалы саяжай қоғамының ауданында 2 жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты.
Кейінірек белгілі болғандай, 2009-2010 жылы туған, Ащыбұлақ саяжай қоғамында тұратын жасөспірімдер 22 қазанда кешке үйден шығып, қайтып оралмаған.
24 қазанда сағат 10:23-те ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері Ащыбұлақ су қоймасы маңында, шаруа қожалығының аумағынан табылды. Балалардың телефон қуаты таусылып, фермердің үйінде түнеуге шешім қабылдаған.
Қазір құтқарылғандардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.