Жаңалықтар

Пара Азиада – 2023: Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды

100 метрге брасс стилімен жүзіп өту жарысында қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды.

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлер арасында 100 метрге брасс стилімен жүзіп өту жарысында қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды.

Ол 1:05.92 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиды.