Саят Медеуов негізгі мамандығы туралы айтты
Өнер иесінің айтуынша, аспап жасайтын шебер мамандығы бойынша білім алған.
Әнші Саят Медеуовтің Анна Данченкоға берген сұхбатында негізгі мамандығы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесінің айтуынша, аспап жасайтын шебер мамандығы бойынша білім алған.
«Алматыға 1988 жылы оқуға келдім. №14 кәсіптік-техникалық училищеде қазақтың ұлттық аспаптарын жасайтын мамандықта оқыдым. Ол кезде баламыз. «Жас шебер» деген оркестр болды. Сол оркестрде ән айттым, күй тарттым. Онымен ел араладық, фестивальдерге барып, жеңімпаз атандық. Сол кезден бастап осы қаладамын. Негізгі мамандығым – аспап жасайтын шебер. Шебердің оқуын оқыдым. Өйткені әкем өте шебер кісі болатын. Қолымен ер шабады, ағаштан да, темірден де арба жасайды. Бір сөзбен айтқанда ұста болатын. Ауылдағы әр үйде әкемнің жұмысы бар шығар», – дейді әнші.