Спорт

Пара Азиада – 2023: Олжас Оразәліұлы финалда өзбек дзюдошысын ұтып, чемпион атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Олжас Оразәліұлы алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

Олжас Оразәліұлы Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

 «Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!»,- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.