Жаңалықтар

68 педагог мемлекеттік наградамен марапатталды

Ғани Бейсембаев педагогтер мен білім беру саласы қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Республика күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Оқу-ағарту министрі білім беру жүйесінің 68 қызметкеріне марапаттар тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ғани Бейсембаев педагогтер мен білім беру саласы қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, олардың қызметіне сәттілік тіледі.

Білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның бас ғылыми қызметкері Жауымбай Қараев «Парасат» орденімен марапатталды. Білім беру саласының 4 қызметкері «Құрмет» орденін, 12 қызметкері «Ерен еңбегі үшін» медалін, сондай-ақ 3 қызметкер Құрмет грамотасын иеленді. Марапатталғандар қатарында еліміздің әр өңірінен келген 48 педагог бар. Оларға «Еңбек ардагері» медалі, Ыбырай Алтынсарин медалі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, «Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» дипломдары табыс етілді.