"Бір ғана GGG бар": Головкиннің промоутері Жәнібек Әлімханұлының деңгейі туралы өз ойын айтты
"Екеуі бір елден екен деп, Жәнібекті "Жаңа Головкин" деуге болмайды"
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер бокссүйер қауымның оны Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) салыстыруы туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлады turkystan.kz Tengri Sport-ке сілтеме жасап.
"Қызығы сол, ешқашан Геннадийдің жанкүйері болмаған Top Rank қазір барынша оны Геннадиймен салыстырып әлек.
Жәнібек – мықты атлет, бұл жерде ешқандай әңгіме жоқ. Алайда, бір ғана GGG бар. Екеуі бір елден екен деп, Жәнібекті "Жаңа Головкин" деуге болмайды, – дейді Т.Леффлер.