Ақындар жырлайды: Республика күні мейрамының поэзиядағы бейнесі
Ақындардың патриоттық өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.
Республика күні – халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын айтулы күн.
Қайта жаңғырған Республика күні биыл елімізде екінші жыл тойланбақ. Бұл – маңызды мереке. Ақындардың осынау тарихи күнге арналған патриоттық өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.
Жайна, Республикам!
Тағы да ғажап хабар естіді таң, Күлімдеп күзгі дала кескіні паң. Тағы да тарихи жеңіс алаңынан, Абыроймен шықты жайнап республикам! Тағы да бағы тасып, өркені асып, Тағы да тамаша адым өрге басып. Жаңғырған жаңа күннің шұғыласында, Қақпамнан келді кіріп Үлкен Астық! Жарайсың, жан қияр күш, ен туыстық! Жарайсың, бейбіт еңбек, ел тыныштық! Жарайсың, жері жомарт Қазақстан, Біз сенің аспаныңда еркін ұштық! Жасаған сол еркіндік бұл ғажапты, Бар күшін байтақ Отан Тыңға жапты. Сол күштің арқасында алдық билеп, Алтын дəн тербетілген мың алапты! Қаншама қайрат кетті, төгілді тер! Көсілген көз жеткісіз, өңірді көр. Босанып жатыр бүгін омырауы ашық, Кешегі керемет байтақ егінді жер! Дамылсыз астық – керуен дариясы да, Сүңгиді Отанның алып қамбасына. Зырлайды планетада Қазақстан, Теп-тегіс алтын масақ арнасында. Арылмай дəннің исі аспанынан, Қарайды ол көп ғарыштың асқарынан! Шалқиды «Миллиард» атты симфония, Қыруар қырмандардың бастарынан! Не деген мерей еді толы бұл шақ! Кеудеде қуаныштан дауыл бұрқап. Осылай жайна, менің Республикам, Мəңгілік бақыт, дəулет əнін шырқап!
Автор: Ғафу Қайырбеков
Республикам менің
Қалың жұртым, қазағым мақтан бүгін, Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін. Мерейі үстем мерекең болсын құтты, Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін. Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің, Күмбірледі күй болып шертілді үнің. Келген жоқ қой бостандық бостан босқа, Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін. Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз, Бүгінгімен басталды ертеңіміз. Аспаныма арайлап нұр қаптады, Өзіңдікі өзге емес өз төріміз. Өткен күндер өгейсіп көп тілеген. Аласармас арманым көк тіреген. Тілім, дінім, ділім де қайта оралған. Өмірімнің өзегі деп білем мен. Ата баба мұраты орындалып. «Қазақстан» құжаты қолыңда нық. Келер күнге құшағым айқара ашық, Қаймықпадық, қайтпадық, қорынбадық. Көгілдір Ту шырқау шың шаңырағым, Әлдилдеп тұр әуелеп Әнұраным. Босағада талай бір боздап қалған. Төрге шықты Елтаңбам Әруағым. Алатаудай салмақ тұр иығыңда, Аз емес қой ыстығың суығың да. Алтын толы қазақтың қара жері-ай, Қалдың-ау сен талайдың көз қиығында. Көңілге ыстық көзге нұр атың қандай, Адамзатты аялап шақырғандай. «2030» атты болашағың Келе жатыр қол бұлғап батырлардай. Тұлғасы бол, қазағым, бар биіктің, Ән шырқасын әр күнің жаңғырып тым. Иегері бола бер Қазақстан, Таңдандырар өзін де Мәңгіліктің!
Автор: Аллаберген Қонарбаев
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
Дереккөз bilim-all.kz
Республика күні шаттық сыйлаған, Декларация қабылданып өзекті. Республика күні бұл таң ғажайып, Әр жыл сайын тойланар бұл кезекті. Республика күні бақыт сыйлаған, Азаттықтың көк туын желбіретіп. Республика күні бұл қуандырған, Ет жүректі балқытып, елжіретіп. Республика күні елді жұбандырған, Көк байрағын көтерген аспанына. Республика күні бұл сыр қалдырған, Азаттықты сыйлаған ақ таңыма.
***
Республика күніне бас иеміз, Қазағыма қуаныш, бақ әкелген. Декларация жазылған күні осы, Республика күні атты сәт әкелген. Республика күніне бас иеміз, Туымызды көгімде желбіреткен. Тәуелсіздік күніне жолды бастап, Әр жүректі қуантып, елжіреткен. Республика күніне бас иеміз, Шын жүректен шырқатып әнұранды. Боздақтарды әрқашан еске аламыз, Кеткен жандар қасқая беріп жанды.
***
Республика күнінде шаттық орнап, Шығамыз біз ән салып, біздер жайнап. Егеменді тәуелсіз Қазақстан, Сыйластықта болады тойын тойлап. Қазақ елі жанданып, нұрлансын бұл, Республика күнінде әнін салып. Егемен ел мәңгілік жасасын бұл, Азаттықтың ақ таңы күлім қағып. Жиырма бесі қазанның атаулы күн, Тәуелсіздік күніне салатын үн. Осы күні тойланар бұл мереке, Орындалып патриоттық ән менен жыр.
***
Жиырма бесінші қазан бұл, Атаулы күн мереке. Республика күні бұл, Сыйлар елге береке. Декларация өтіліп, Егемен ел танылған. Республика күнінде, Шамнан шырақ жағылған. Тұтастығы елімнің, Жарияланған күн бүгін. Азаттықты сезінген, Қуанышты үн бүгін.
***
Республикам бақытым, Қуат берер жаныма. Жиырма бесі қазанның, Мінген мейрам тағына. Республика күні бұл, Қазағыма бақ берген. Еліміздің бағына, Шаттығына тап келген. Республика күнінде, Ән де айтылар, жыры да. Көк туымыз желбіреп, Жүреміз біз ұғына...
***
Республика күні бұл таңғажайып, Декларация жазылған күні ерекше. Содан кейін азаттық есік ашты, Қазағымды әнімен бұл тербете. Республика күні бұл таңғажайып, Көңілдерге шаттығын сыйлай білген. Азаттықтың ақ таңын ашуға бұл, Жолын салып, қуаныш жинай білген. Республика күні бұл таңғажайып, Берген бізге ақ таңның арайлысын. Республика күнімен басталады, Тәуелсіздік көрдік біз арайды шын...
Дереккөз zharar.com