Жетісу облысында 23 бухгалтер қамауға алынды
Антикор 4,6 млрд теңгеден астам сомаға қатысты ұрлықты тергеп жатыр.
Жетісу облысында 4,6 млрд теңге ұрланған, деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Антикор 4,6 млрд теңгеден астам сомаға қатысты ұрлықты тергеп жатыр, 23 адам күдікке ілінді. Оның 21-і Талдықорған қаласының білім бөлімінің және №14 орта мектебінің бухгалтерлері.
"Күдіктілер 2020-2023 жыллдары іс жүзінде жұмыс істемеген жандардың шоттарына ақша аударып, мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд теңге сомасына ұрлық жасады", - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен тоғыз адам қамауға алынып, 31 жылжымайтын мүлік, 14 автокөлік, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат тәркіленді.