Қоғам

Мінезі де айнымайды: «Қожаға» қатты ұқсайтын бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Түрінен бөлек, мінезі де Қожадан айнымайтын Айқын болашақта фильмге түсуді армандайды.

Қожаға ұқсайтын жас көкпаршы «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаға қатты ұқсайтын шымкенттік Айқын Елубай «Таңшолпан» бағдарламасына қонаққа келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Түрінен бөлек, мінезі де Қожадан айнымайтын Айқын болашақта фильмге түсуді армандайды. Бір басына жетерлік өнері де аз емес. Ес білгелі ат құлағында ойнайтын ол көкпар тартып, бір-екі рет салым да салған.

Тіпті трактор да жүргізіп, шөпке жалғыз шыға береді екен.