Қоғам

Дизайнер Аида Қауменова бойында қандай ұлттың қаны бар екенін айтты

Фото: kazpravda.kz

Аида Қауменова бойында бірнеше ұлттың қаны бар екенін айтты.

Дизайнер Аида Қауменова «MOM'sкий әңгіме» бағдарламасында ұлты туралы сөз қозғады, деп жазды  turkystan.kz

Оның айтуынша, бойында бірнеше ұлттың қаны бар.

«Анам – жартылай беларусь, жартылай татар, әкем – қазақ. Бір әжем – беларусь, біреуі – қазақ. ...Екеуінен де тәрбие алдым. ...Әкем анамды алып қашып кеткен. Олар осында оқыған. Әкем «Ата-анама қонаққа барайық» деген. Анам барған. Оған орамал тағып, шашу шашып, солай қалдырған. Босағадан аттады, демек келін. 20 жаста болған. Бірақ анам таза қазаша сөйлейді, қазақшаға судай. Біздің әулеттің толық дәстүрін, салтын қабылдаған», - дейді ол.