Жаңалықтар

Семейде мектеп өртенді

ашық дереккөз

Оқушылар мен қызметкерлер ғимараттан эвакуацияланды.

Семейдегі №40 мектепте өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқушылар мен қызметкерлер ғимараттан эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.

"Бүгін Семейдегі №40 мектепте электр бөлмесінде өрт шықты. Өрт сөндірушілердің шұғыл араласуы мен мектеп қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт оқшауланды. Мектеп ұжымы барлық оқушыларды эвакуациялады: 371 адам мен 45 мектеп қызметкері. Өрт сөндіру қызметі өртті оқшаулап, оның таралуына жол бермеді", – деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.