Жаңалықтар

Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

gov.kz

Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде экс-әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды», - делінген агенттік хабарламасында.