Спорт

Пара Азия ойындары: ел қоржынына тағы екі жүлде түсті

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшылар Ханчжоудағы Азия пара ойындарында пара каноэдан қола және күміс жүлде ұтты.

Бибарыс Спатай пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орын иеленді, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Богатырев Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Оның нәтижесі 58.479 секунд.