Қоғам

Швеция халықаралық іздеуде жүрген алаяқты Қазақстанға экстрадициялады

kazlenta.kz

Алаяқ 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас прокуратураның шешімімен алаяқтық жасады деген күдікті Швециядан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлады Turkystan.kz.

2019 жылғы тамызда Алматы қаласында өзін ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған алаяқ кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытып, 14,3 млн теңгесін тартып алмақ болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтың әрекетіне тосқауыл қойды. Алайда  ол із жасырып үлгерді. Осыған байланысты алаяққа халықаралық іздеу жарияланды.

Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары алаяқты Стокгольмде қолға түсірді. Қазақстанға жеткізілген қылмыскер Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.