Жаңалықтар

Елімізде темекі шегетін ер адамдар азайып, әйел адамдар көбейген

ашық дереккөз

Кейінгі статистика бойынша, ерлердің көрсеткіші үш жылдағы ең төмен, ал әйелдердікі ең жоғары болды.

Елімізде темекі шегетін ер адамдар азайып, әйел адамдар көбейген, деп хабарлады turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Елімізде ерлердің 36%-ы және әйелдердің 8,5%-ы темекі шегеді, бұған  - Ұлттық статистика бюросының 15 жастан асқан қазақстандықтар арасында жүргізген сауалнама деректері дәлел.

Шылым шегу туралы мәліметтер 2021 жылдан бастап жарияланып келеді, кейінгі статистика бойынша ерлердің көрсеткіші үш жылдағы ең төмен, ал әйелдердікі ең жоғары болды. Өткен жылғымен салыстырғанда ерлердің көрсеткіші бірден 2,4 п.п. төмендеген, ал әйелдер үшін – 0,5 п.п. өскен. 

Темекі шегушілердің жалпы үлесі өткен жылғы 20,4%-дан 19,4%-ға дейін төмендеді. Бұл төмендеуге жастар айтарлықтай үлес қосқан: 2022 жылы 18 жастан 28 жасқа дейінгі қазақстандықтардың 16,5%-ы темекі шеккен болса, қазір олар азайып, 10,9%-ға жеткен.