Жаңалықтар

9 ай бойы мәйітханада жатқан: Бахрейнге жұмыс істеуге кеткен әйелдің қайтыс болғаны анықталды

ашық дереккөз

Алғашында байланысын үзбеген одан 8 айдан бері ешқандай хабар болмаған.

Бахрейн әмірлігіне жұмыс істеуге кеткен  32 жастағы қазақстандық әйелдің қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы Көреміз бағдарламасында айтылды.

Ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растаған. Марқұмның денесі елге жеткізілген.

 

Диляра Мұхамеджанова 2022 жылы Бахрейн әмірлігіне жұмыс істеуге кеткен. Алғашында байланысын үзбеген одан 8 айдан бері ешқандай хабар болмаған. Анасының сөзінше, 32 жастағы қызы Бахрейн Корольдігінде массаж бизнесімен айналысқан. Келіншек соңғы рет жақындарына 11 ақпан күні хабарласқан. Жоғалған қыздың анасы қызының Бахрейнде жалғыз емес, сол елдің азаматымен тұрғанын айтты.

“Күнде әлеуметтік желімен хабарласып тұратынбыз. 19 ақпаннан бастап іздеудемін, не жазбайды, не жауап бермейді. Бірнеше нөмірі бар еді, барлығы да өшірулі. Қызыммен жиі ұрсысып қалатын болдық. Бірақ тез татуласатын едік. Био-энергетикалық массаж жасаумен айналысады. Арнайы аппараты болатын", – дейді анасы.

Диляра Мұхаммеджанова 2023 жылғы 16 ақпанда өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Марқұмның денесі 9 ай бойы мәйітхананың тоңазытқышында жатқан болып шықты.