Жаңалықтар

Танымал әнші ауыр дертке шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұрады

Өнер иесін 15 жылдан бері ауру мазалап келеді.

Танымал әнші, композитор Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің сөзінше, 15 жылдан бері ауру мазалап келеді.

Сондай-ақ әнші отбасының басына түскен қиын жағдайды да айтқан.

Айта кетейік, Рамазан Елібаев - әнші әрі композитор. "Нұрекем", "Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пайда", "Көздер-ай", "Жас Ұлан" әндерінің авторы және орындаушысы. Ол "Гүлдер" ансамблі құрамында өнер көрсеткен.