Бұрынғы Әділет министрі ұсталды
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Антикоррупциялық қызмет мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Антикордың мәліметінше, экс-министр талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.