Қоғам

Қазақстанда той жасау үшін несие алуға тыйым салына ма?

Ашық дереккөз

Қаржы агенттігінің төрағасы жауап берді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың тойға несие алуына заңнамалық деңгейде тыйым салуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Біз конституциямен адамдардың құқықтарын шектей алмаймыз. Ең алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттілігін дұрыс бағалау керек. Егер ол несие алса, стандарт бойынша оның ай сайынғы төлемдері кірісінің 50 пайызынан аспауы керек.

Сонымен қатар біз қарыз алушы үшін жалпы қарыздық жүктеме коэффициентін енгізбекпіз. Ол ай сайынғы төлемнің қанша екенін ғана емес, кіріске қатысты қарыздың жалпы сомасын да қамтамасыз етеді.

300 мың теңге жалақы алатындар үшін ай сайынғы төлем 150 мың теңгеден аспауы керек. Қазір мұндай есептеулер жүргізілуде. Мысалы, 6 жалақыны 300 мың теңгеден алсаңыз, онда барлық қаржы ұйымдарына берешек болуы мүмкін қарыздың ең жоғары мөлшері 1 800 000 теңгеден аспауы керек", – деді ол.