Жаңалықтар

Республика күні неліктен тойланбай қалды?

ашық дереккөз

Естеріңізде болса, бұл мейрам біздің елде 2009 жылға дейін 25 қазанда тойланып келген болатын.

Республика күні әдетте елдің мемлекеттігі  жарияланған күні немесе республиканың ажырамас атрибуты – ел Конституциясы қабылданған күні тойланатын басты мереке саналады. Естеріңізде болса, бұл мейрам біздің елде 2009 жылға дейін 25 қазанда тойланып келген болатын.

Мереке неге тойланбай қалды?

 Республика күнін тойлау үрдісі 1992 жылдан басталды. Алайда мейрам мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана ресми түрдеенген еді. 2001 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Ал 2009 жылы «аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгергендіктен, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің тарихи маңызын алға тартып, қайта жаңғырту керек екенін мәлімдеген соң, былтырғы 29 қыркүйекте ұлттық мереке ретінде қайта бекіту туралы заңға қол қойды.

– Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек, – деді Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Осылайша, бұған дейін ұлттық мереке ретінде тойланып келген 16 желтоқсандағы тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекеге ауыстырылды. Президенттің айтуынша, бұл күн күнтізбеде мереке емес, еске алу күні сипатында ерекшеленетін болмақ.

Заңға сәйкес ұлттық мереке ретінде елдің дамуына айтарлықтай әсер еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалар болған күн бекітіледі. Ал мемлекеттік мерекелер «қоғамдық және саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, азаматтар дәстүрлі түрде атап өтетін күндер».