Жаңалықтар

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өз радиосын ашпақ

Жаңа радио «Aspan FM» деп аталады.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаев «Aspan FM» атты радио ашады. Мұны Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген жаңа радионың директоры Айман Нұразхан мәлім етті, деп жазады turkystan.kz.

Оның айтуынша, радио ашу – Мейрамбек Бесбаевтың бала күнгі арманы.

«Aspan FM» радиосы 7 қарашадан бастап хабар таратады. Қазіргі таңда әуе толқынында қойылатын әндерді іріктеу жұмысы жүріп жатыр.