Қоғам

Тұман түсіп, көктайғақ болады: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз

Ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды.

Ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 21 қазанда Атырау облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады. 

Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде шығысында, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі.

Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.