Жаңалықтар

700 мыңнан астам мектеп оқушысы құмар ойынға бәс тіккен – депутат

ашық дереккөз

Депутат 2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15,5 млрд теңгеден 2022 жылы 553,6 млрд теңгеге дейін 35 есе өскенін айтты.

700 мыңнан астам мектеп оқушысы құмар ойынға бәс тіккен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Руслан Берденов айтты, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

"Олар бәс тігу үшін бәріне дайын. Несие алу, құқықбұзушылық, алаяқтық, тіпті ауыр қылмыс жасап жатыр. Еліміздегі 157 000 құқықбұзушылықтың 20%-ы немесе 31 000-ы құмар ойындары кесірінен жасалған. Ал ажырасудың 38%-ының себебі – құмар ойындары. Құмарлықтың соңы әр жанұяға қасірет болып,  арты қайғылы оқиғаларға соқтырып жатыр. 3 676 суицидтің әрбір 5-жағдайы құмар ойынына байланысты. Бұл Қазақстандағы 1 млн-нан астам құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді", - деді депутат.

Депутат 2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15,5 млрд теңгеден 2022 жылы 553,6 млрд теңгеге дейін 35 есе өскенін айтты.