18 жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты

20 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
18 жастағы қазақстандық футболшы Қазақстан жастар құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Доминик Боловинцев чехиялық «Лишень» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

18 жастағы Боловинцев карьерасын алматылық «Академия 05» клубында бастаған. Қазір ол Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетеді.

«Лишень» — Чехияда екінші дивизион саналатын Футбол ұлттық лигасында өнер көрсететін клуб. Стадионы Брно қаласында орналасқан.

Тэгтер:

Қазақстан спорт Футбол футболшы Доминик Боловинцев