Жаңалықтар

Ғалымдар кино тарихындағы ең қорқынышты фильмді анықтады

ашық дереккөз

Ғалымдар мұны көрермендерді жүрек соғу жиілігін көрсететін мониторға қосып, фильмдерді көрсету арқылы анықтаған.

Ғалымдар кино тарихындағы ең қорқынышты фильмді анықтап, дауға нүкте қойды, деп хабарлады turkystan.kz nybreaking.com-ға сілтеме жасап.

Сонымен, ең қорқынышты фильм деп "Синистер" танылды.

Ғалымдар мұны көрермендерді жүрек соғу жиілігін көрсететін мониторға қосып, фильмдерді көрсету арқылы анықтаған. Соның нәтижесінде алған деректерге сүйене отырып, ғалымдар ең қорқынышты картиналардың рейтингін жасаған.

Екінші орында "Хост" (2020) фильмі болса, үштікті "Паранормалды елестер. Скинамаринк" (2022) картинасы түйіндеген.