Қоғам

15 баланың зорлануы: Түркістан облысының полициясы пікір білдірді

asia24.media

Полиция ақпаратты жоққа шығарды.

Түркістан облыстық Полиция департаменті 33 жастағы ер адамның 15 баланы зорлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер бұл фактіні жоққа шығарып, үш жәбірленушінің арыз жазғанын айтты.

«Осы уақытқа дейін 3 жәбірленуші арыз берді. 15 дерек шықты немесе 15 арыз берілді деген шындыққа сәйкеспейді, 15 жәбірленуші жоқ! Басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр», - делінген Түркістан облыстық ПД ресми хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде зорлық құрбаны болғандар саны 15 балаға жетуі мүмкін деген ақпарат тарағаны жайлы жазған болатынбыз.