«AMANAT»: Үкіметтік емес ұйымдар ізгі істің ұйытқысы бола білді
«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра» партиялық жобаларын іске асыруда ҮЕҰ көмегі көп тиді.
«AMANAT» партиясы көптеген үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас орнатты.
«Ардагерлерді ардақтайық»
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру кезінде егде жастағы 15,4 мың тұрғынға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ 35 мың адамға медициналық көмек көрсетілді.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан қарттардың тұрмыс жағдайын бақылауды қолға алған қоғамдық комиссия 231 рейд жасады. 95 ҮЕҰ, 86 этномәдени бірлестіктер аталған комиссияның жұмысына атсалысты. Ең белсенділер ретінде «Ардагерлер кеңесі», «Ардагерлер ұйымы», «Генералдар кеңесі» ұйымдарын, «Азаматтық Альянс», «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын айтуға болады.
«Бақытты отбасы»
Қазақстандық отбасы мен балалардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған іс-шараларға 2 324 топ, соның ішінде 75 қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері де атсалысты.
Еліміздің барлық аймағында ҮЕҰ-мен бірлесіп көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ ерекше қажеттілікті талап ететін бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетілді. Халықаралық отбасы күнінде, сондай-ақ көпбалалы отбасылар арасында өткізілген «Спорттық отбасы» сайысында көп балаға қолдау көрсетіп, бірнеше отбасыға құрмет көрсетілді.
Бұл игі іске «Дағдарыс орталығы кеңесі», «Құқық», «Қазақстан әйелдер күштері Альянсы», «Бақытты бала», «Асыл аналар» және тағы басқа ұйымдар белсенді атсалысты.
«Кедергісіз келешек»
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арналған инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімді болуын 234 топ (1170 адам) бақылауда ұстады. Бақылау тобының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері кіреді. Осы жыл ішінде нысандарды бақылау және бейімдеу бойынша 765 рейд жүргізілді. «Инклюзивті қоғамды дамытудың Еуразиялық қауымдастығы» және «Қолжетімді Қазақстан» ұйымдарымен бірге бақылау топтары мүшелеріне арналған оқу семиналары ұйымдастырылды.
Жалы ел аумағында 375 ҮЕҰ аталған жобаны іске асыру мақсатында партия филиалдарымен бірлесіп жұмыс істеуде.
Серіктестердің қатарында «Мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы», «Тең мүмкіндіктер әлемі», «Ассамблея жастары», «Қазақстанның Азаматтық Альянсы», «Халықаралық құқық қорғау орталығы», «Инклюзивті қоғамды дамытудың Еуразиялық қауымдастығы» және тағы басқа ұйымдар бар.
«Ұлттық мұра»
Ұлттық-мәдени құндыықтарды насихаттау мақсатында 2 республикалық, 4 облыстық, 5 аудандық айтыс өткізілді.
«Ұлттық мұра» партиялық жобасын іске асыру кезінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» республикалық акциясы өткізілді. Аталған акцияға филиал жетекшілері, депутаттар, «Miras» республикалық және аймақтық кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар «Ұрпаққа аманат» акциясы шеңберінде қоғам қайраткерлерінің жастармен кездесуі ұйымдастырылды.
Аталған жобаны іске асыруға атсалысқан серіктестер – Ұлттық спорт қауымдастығы, Жазушылар Одағы, «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоры, Айтыскерлер кеңесі.