Еліміздегі ауасы қатты ластанған қалалар анықталды

Еліміздегі ауасы қатты ластанған қалалар анықталды

Еліміздегі ауасы қатты ластанған қалалар анықталды
ашық дереккөзі

Қазақстанның мемлекеттік метеоқызметі еліміздегі ауасы қатты ластанған елді мекендерді атады. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады. 

 Алматы, Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Шымкент және Ақай ауылы ластанудың жоғары деңгейіндегі қалалар деп аталды.
Жалпы 2016 жыл ішінде 46 елді мекенде мониторинг жүргізілді, олардың 27 елді мекені ластанудың төменгі деңгейіне, 10 елді мекен ауа ластану деңгейінің көтеріңкі класына және 9 елді мекен жоғары деңгей класына жатқызылды. Ластанудың көтеріңкі деңгейіндегі қалалар: Жаңатас, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Тараз, Семей, Шу, Петропавл және Глубокое, Бейнеу елді-мекендері; Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Түркістан, Талдықорған, Степногорск, Ақсай, Көкшетау, Құлсары, Саран, Кентау, Ақсу, Жаңаөзен, Зырян, Рудный, Екібастұз, Қостанай, Павлодар, Орал, Ақтау, Атырау, Қаратау және Березовка, Январцево, Қордай Төретам, Қарабалық елді мекендері мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау республиканың ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында жүргізіледі. Қазіргі уақытта атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау 46 елді-мекендегі  140 бақылау бекетінде,  соның ішінде 56 сынамаларды қолмен іріктеу бекетінде және 84 автоматты бекетте жүргізіледі. Сондай-ақ, бақылау 14 жылжымалы зертханалардың көмегімен жүзеге асырылады. 2015 жылмен салыстырғанда  атмосфералық ауа ластануының деңгейі Ақсай, Екібастұз, Степногорск, Риддер және Өскемен қалаларында төмендеп, оң динамикасы бар. Еліміздің 7 қаласы: Ақтөбе, Астана, Балқаш, Петропавл, Шу, Қызылорда, Жаңатас және Ақай ауылында атмосфералық ауа ластануының деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда өсті. Басқа елді мекендерде  ластану деңгейі 2015 жылғы деңгейде қалды.